Астананың кейбір аудандарында ыстық су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың кейбір аудандарында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.

Бүгін сағат 9.00-18.00- жылу есеп құралдар орнатуға байланысты Жеңіс даңғылы 69, 77, Желтоқсан к-сі 30/2, Өндіріс 27/1, К-1, К-2, Алтынсарин к-сі 6/2 ыстық су беру ажыратылады.

Сондай-ақ, сағат 9.00-23.00 Жангелдин к-сі 23, 25, Республика даңғылы 36, 38, 40 мекенжайлары бойынша да ыстық су беру жоспарлы тоқтатылады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлерінің хабарлауынша, қала тұрғындары анықтаманы 792-160, 771-211, 771-216, 771-200 телефондары бойынша ала алады.