Айта кетейік, жазда қаланың кейбір көшелерін жөндеу жұмыстары қолға алынады. Ведомство қызметкерлері жүргізушілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау үшін жол-құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде жөнделіп жатқан жолдарға жақын жерлерде қажетті ескерту мен тыйым салу белгілері орнатылады.