Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Т. Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі жол бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу аясында 11 мамырдан 10 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысында Орынбор көшесі жағынан көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Еске салайық, 10-25 мамыр аралығында Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.

Сонымен қатар, 17 мамырға дейін Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.