Бұл туралы Астана қалалық жолаушылар тасымалдау орталығының бөлім бастығы Қуандық Баетов мәлім етті.
«Қазіргі уақытта жолаушылар тек 5-ші маршруттың 1 автобусында ғана ұялы телефондарына бірлік жүктей алады. Болашақта бұл қызмет түрі өзінің тиімділігін көрсетсе, онда басқа да қоғамдық көліктерге де енгізіледі», деді ол.
Оның айтуына қарағанда, мұндай қызмет түрі Мәскеу қаласының қоғамдық көліктерінде кеңінен қолданылса, таяуда Алматы қаласында да қолға алынған.