«Жуық арада жаңа №104 экспресс бағдар іске қосылады. Жаңа автобус 2018 жылдың 10 ақпанынан бастап Сусамыр көшесі мен «Азия парк» ОСО аралығында қатынайды. Сонымен бірге, 7 ақпаннан №11 автобустың маршруты «Кирпичный» тұрғын алабына дейін ұзартылып, 3 ақпаннан бастап №100 автобус «Пригородный» тұрғын алабына да қызмет көрсететін болады. 2018 жылы жаңа экспресті және түрлендірілген бағдарларды (мәселен, 4 және 4А, 22 және 22А) ашу көзделуде», - деп хабарлады Науат Азанбаева.
Оның атап өтуінше, қала ішінде қозғалыс көбейетін уақытта жолаушыларға ыңғайлы жол жүрісін қамтамасыз ету үшін автобустардың толымдылығына тұрақты түрде талдау жүргізіліп отырады.
«Осы бағытта талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта көпсыйымды 18 метрлік қоғамдық көліктерді іске қосу жоспарда бар. Нақтырақ айтқанда, №8 автобустар көпсыйымды автобустарға ауыстырылады», - деді Науат Азанбаева.