ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт сағат 04.00-де сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 47 адамы мен 17 техникасы, ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнынан аты-жөні анықталмаған ер адамның мәйіті табылды.