Астана стансанында қалада тұратын әйел есірткімен ұсталды.
ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметтік иттің көмегімен жүргізілген жеке тексеру барысында 34 жастағы әйелден 2,67 грамм салмақтағы героин табылып, тәркіленді. Есірткі тасымалдаушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы 1-1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана тұрғыны қазір уақытша қамау изоляторына жабылды.