Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режімге көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың қалалық коммуналдық қызметі күшейтілген режімге көшті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елорда әкімі Әсет Исекешевке сілтемемен.



«Күн суытып, қар жауып, көктайғақ болуына байланысты сіздерге жолда абай болу керектігін ескертеміз. Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық қалалық қызметтер, коммуналдық ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Арнайы техника жолдарды тазартуға шығарылды, мұзды ерітетін реагенттер пайдаланылуда. Көшеде абай болыңыздар!» - делінген қала басшысының Фейсбуктегі парақшасында жарияланған хабарламада.