Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екінші күн қатарынан бұрқасын басылмай тұр. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды astana.kz.

Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС-інен қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 228 жол жұмыскері шығып, 344 арнайы техника тартылды. Кеше ғана қала аумағынан 40 435 текше метр қар шығарылып, 514,50 текше метр құм-тұз қоспасы себілді, сондай-ақ 26 тонна «Айсмелт» реагенті пайдаланылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін  қар жауып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -7...-9 градус, түнде -13  -15 градус болады.