Астананың құрылыс алаңында биіктіктен құлаған жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында «Жағалау-3» ТК-де құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы оқиға орын алды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жетінші қабаттағы биіктіктен құлаған 30 жастағы арматурашы оқиға орнында жан тапсырды.

Екінші қайғылы оқиға Астананың Есіл ауданындағы «Саранда » VIP қалашығында болды. Мұнда жекелеген жұмыстарды жүргізу кезінде екінші қабаттағы биіктіктен құлаған 37 жастағы сылақшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Кезекті биіктіктен құлау Ақжол көшесінің бойындағы индустриалды паркте болды. Оптикалық құралдар дайындайтын зауытта желдеткіш құрылғыны монтаждау кезінде бес метрлік биіктіктен құлаған 20 жастағы монтаждаушы ауруханаға жеткізілді.