Сәрсенбі, 6 ақпан күні Астананың «Сарыарқа» ауданында салынып жатқан «Айка» тұрғын үй кешешінде «АлматыҚалаҚұрылыс» ЖШС-нің сылақшысы төрт қабатты биіктіктен құлап кетті. 23 жастағы жұмыскер ауруханаға жеткізілді.
«Есіл» ауданында салынып жатқан «Комфорт-2» ТК-де үш қабатты биіктікте орналасқан құрылыс конструкциясынан «БС-10» ЖШС-нің 1985 жылғы жұмысшысы құлады. Ер адам ауруханаға жеткізілді.
Астананың Алматы ауданындағы Оңтүстік-Шығыс шағынауданында салынып жатқан «Барыс» тұрғын үй кешеніндегі екінші қабаттағы сатыдан «Рйымбек» ЖШС-нің 54 жастағы тасшысы құлады. Жұмысшы ауруханаға жеткізілді.