Астананың «Локомотив» футбол клубы Нальчиктің «Спартагымен» тең түсті

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияда оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатқан Астананың «Локомотив» футбол клубы алғашқы байқау матчын Нальчик қаласының «Спартак» командасымен өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейліктермен өткен бұл ойын 2:2 есебімен аяқталды. Астаналықтар сапынан қарсыластар қақпасына соғылған екі доптың да авторы шабуылшы Игорь Бугаев болды. Бұл легионер қазір «Локомотивте» сынақта жүрген болатын. Жалпы бұл оқу- жатттығу жиыны кезінде астаналықтар енді ақпанның 7-сінде румын, ал 10-ы күні украин аяқ допшыларымен сынға түспек.