Астананың Мәңгілік ел даңғылында көлік кептелісі проблемасы қашан шешіледі
«Астанада жақсартылған жол және көлік инфрақұрылымы, жолдардың өткізу қабілеті, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне жағдай жасалған. Мәселен, қосымша бағдаршамдар орнатылды, жарықтандырылған жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер салынды, қозғалыс бағытын үйлестіретін қолданбалы жол белгілері қойылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдың соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін ашу жоспарлануда. Осыған орай көлік қозғалысын өзгерту қарастырылған. Бұл – Мәңгілік ел даңғылындағы көлік жүктемесін және кептелісті азайтады», - деді Бауыржан Тоғжұманов.
Сонымен бірге ол жыл басынан бері елорда аумағында 110 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапқанын айтты. Бұған қоса, 123 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Бауыржан Тоғжұмановтың дерегінше, биыл Астанада жол ережесін сақтамаған 94 044 факті анықталып, 729 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.
Мәлім болғандай, қалада әрбір бесінші жол апаты жаяу жүргіншінің кінәсінен болады.
Бас қалада 27 мың жүргізушінің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам айыппұл берешегі бар.