«Бүгін 2035 жылға дейінгі Бас жоспардың қорытынды талқылауы өтуде. Оның шеңберінде бүкіл қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жоспарлар құрылады. Тұранның батыс бөлігінде орналасқан Нұра жаңа ауданына келетін болсақ, онда жалпы жоспар қабылданды, ол орындау кезеңдеріне бөлінді. Қазірдің өзінде Жағалау, SAT CITY және адамдар тұратын басқа аумақтар бар. Тиісінше, бірінші кезеңде қоғамдық кеңістіктерді, аула аумақтарын абаттандыру, көшелерді көгалдандыру жұмыстары жүреді», - деді Ерлан Базыкен.
Оның айтуынша, Үлкен Талдыкөл ауданында рекреациялық аймақ орналасады. Ал Кіші Талдыкөл маңында көлемі 150 гектардан асатын экопарк құрылады.
«Көгалдандыруға, абаттандыруға, жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымға баса назар аударылады. Сонымен қатар, осы учаскелерде болатын биоәртүрлілікті сақтау маңызды. Сондықтан мұнда табиғи саябақ болады. Бізге жаяу серуендеп, фауна мен биоәртүрлілікті көруге болатын табиғи саябақ көбірек керек», - деп түйіндеді Ерлан Базыкен.
Айта кетейік, бүгін елордада қала тұрғындарымен бірлесіп, шаһардың Бас жоспарын талқылау өтіп жатыр.