Спортшылар тиісті дайындақтан кейін штаттық ұлттық командаға өтетіндігіне тоқталған ол: «Бұл жерде олар олимпиадалық құрамаға түседі. Менің ойымша, Риодағы Олимпиада ойындарында біздің орталықтан шыққан 15-тен 20-ға дейін спортшы қатысады», - деді.
Оның сөзіне қарағанда, осы жылда мәртебелі халықаралық жарыстарда жеңісті орындардан көрінгендер еліміздің ұлттық олимпиадалық құрамасына енеді деп күтілуде.
Осы орайда Қ. Жұрқаев байдаркамен есу спортшысы Екатерина Кальтенбергер мен Зоя Ананченко (екеуі Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында, Инчхондағы Азия ойындарында қоланы жеңіп алды) үздіктердің қатарында екенін және екеуі де Олимпиада еліміз ла йықты түрде таныстыруға қауқарлы екенін атап өтті. Мұнымен қоса ол синхронды жүзуден Азиада-2014-тің қола жүлдегерлері апалы-сіңлілі Екатерина және Александра Немичтерден жақсы нәтиже күтуге болатындығын жеткізді.
Оның пайымынша, Олимпиадада көркем гимнастикадан бір топ қатыса алады. Топтық жаттығуларда өнер көрсететін спортшылардың командасы ІІ Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында қоланы иеленді.
«Олар - өте жігерлі қыздар. Қалай қиын болса да, Қазақстанда осы спорттық түрінен олар алғаш болып Жасөспірімдер Олимпиадасында қолаға қол созды. Бұл тұрғыда олар Ресей мен Болгарияның, Өзбекстанның мықты командалармен қызу бәсекеге түсіп, нәтиже көрсетті. Биылдың аяғында біз осы спортшыларды штаттық ұлттық командалар дирекциясына тапсырамыз. Меніңше, олар біздің елімізді шетелдерде лайықты деңгейде таныстыра алады»,-деп түйді ол.