Астананың оң жағалауында жеке тұрғын үй өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жеке тұрғын үйді өрт шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото; Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

«27 шілде күні сағат 14:11-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Ер Қосай көшесінің бойында өрт шарпыған нысанға бағытталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, автоцистерналар, жанғыш сұйықтық құйылған бөшкелер және екі қабатты коттедж өртеніп жатқанын анықтады. Сағат 14:45-те аталған нысандағы өрт ауыздықталды», - делінген елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінде.

Айта кетейік, оқиға орнында өртті сөндіруге жеке құрамның 74 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылды.