Астананың өңірлік технопаркі 14 инновациялық жобаны қолдады

None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында кәсіпкерлерді, ғылымды, инноваторларды қолдаудың қуатты тетігі қарастырылған,

деп мәлім етті Астана қаласының Өңірлік технопаркінің директоры Мұрат Ақшалов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Қазіргі таңда ҮИИД бағдарламасының аясында технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсету бағдарламасының жұмыс істей бастағанына екі жыл болды. Өткен жылы Астана технопаркі инноваторлар мен ғалымдардың ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен, химиялық өнеркәсіп саласындағы 10 жобасын қолдаса, 2011 жылы - осындай 14 жобаны қолдады», - деді М.Ақшалов.

«Бұл жобалар экономикаға үлкен пайда әкеліп, жоғары технологиялық бизнес құрады. Біздің технопарктің міндеті идеяларды бизнесте коммерциялау, зияткерлік меншікті қолдау, инноваторларға арналған алаң болып табылады. Оларға мемлекет есебінен қайтарымсыз көмек көрсетіледі», - деді ол.