Оқиға орнын полицейлер бірден қоршауға алды, деп хвабарлады КТК.
Оқиға барлық арнайы қызметтерді аяғынан тік тұрғызды. Қорғаныс министрлігінің бақылау-өткізу бекетінің жанынан асылып қалған адам табылған бойда бірнеше минуттан кейін дәрігерлер, тергеушілер және сарапшы-криминалистер жұмысқа кірісті. Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз ер адам өзіне-өзі қол салған - полицейлер оның денесінен зомбылық белгілерін таба алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза болған адамның ат-жөнін анықтауда.