Куәгерлердің мәліметінше, шамамен сағат 7.30-да Toyota Windom автомобилі Момышұлы даңғылымен жүріп келе жатып, жол қиылысына жетпей, жолдың қос сызығын кесіп өтіп, кері бұрылып, қарсы бетке шығып кетті. Сол жерде Lada көлігімен соқтығысты, тағы екі машинаны - Nissan және Toyota автомобильдерін қағып кетті.
Бірнеше адам зардап шекті - жүргізушілер мен жолаушыларды «жедел жәрдем» алып кетті, оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.