Астананың орталық алаңында жаңа 2013 жылға арналған мерекелік концерт пен би кеші өтеді

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 21 желтоқсаны күні сағат 22.00-де Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда жаңа 2013 жылға арналған мерекелік концерт пен жастардың би кеші өтеді.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, мерекелік бағдарламаға мемлекеттік филармонияның солистері мен қаланың шығармашылық ұжымдары қатысады. Сондай-ақ Қазақстан эстрадасының Әлішер Кәрімов, Маржан Арапбаева, Нұрғали Тұрлыбеков, Владимир Лигай, Ирина Омель, Дарья Данилова, Александр Тадж сынды жұлдыздары да шақырылған.

Ал түнгі сағат 12.00-де елорда қонақтары мен тұрғындары мерекелік отшашуға куә болады.