Бүгін Астанада таңғы сағат 05:09-да Абай көшесінде орналасқан 2 кіреберістік екі қабатты үйдің жертөлелік бөлмесінде өрт болды.
Жалын тілі 1 шаршы метр аумаққа тарады. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіру кезінде термиялық күйіктер шалған 27 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.
ТЖ-ды жоюға Астана қалалық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.