Астананың Орталық саябағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде - қала әкімі

None
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Астананың Орталық саябағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен елорданың әрі қарай дамуы мәселеріне арналған кеңес барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Өткен жылдан бастап Орталық саябақты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Саябақтың жұмысын толығымен тоқтатып тастамау үшін жөндеу жұмыстары үш кезеңмен жүргізілуде», - деді ол.

Қала басшысының айтуына қарағанда, саябақты жөндеу жұмыстарының екінші кезеңінде отбасымен демалуға арналған аймақты, орталық субұрқақты және денешынықтыру-сауықтыру аймағын өндеу көзделген.

«Үшінші кезеңде жұмыс істеп тұрған аквапарк пен көлшікті жаңғырту көзделеді. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен аттракциондар мен шағын көңіл көтеру кешендерін салу жоспарлануда», - деді И.Тасмағамбетов.