Астананың Шұбар шағын ауданында бу қазандығының жарылуынан екі адам зардап шекті
08:12, 21 Қараша 2011
ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Астанада Есіл ауданы, Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан екі қабатты жекеменшік үйде бу қазандығы жарылды.
Оның салдарынан 1957 және 1967 жылдары туған екі азамат күйік жарақаттармен ауруханаға түсті.
Оқиға 20 қараша күні, кешкі 21 сағат 34 минутта болды.