Астананың сол жағалауында екі жеңіл көлік соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауындағы «Азия парк» ойын-сауық кешені алдында «Тойота Камри» және «Лада» автокөліктері соқтығысты. Бұл туралы оқиға орнынан ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Оқиға орнына жедел жәрдем және жол-патрульдік полиция қызметкерлері келіп жетті. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушілердің біріне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Жол-көлік оқиғасына қай көлік себепкер болғаны тексерістен кейін белгілі болады», - деп атап өтті полиция қызметкерлері.