Астананың сол жағалауында көпқабатты үй өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты.



«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің хабарлауынша,  «Номад» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі отқа оранған. Төтенше жағдай орнына 5 өрт сөндіру машинасы мен жедел жәрдем көлігі келді. Өрт сөндірушілердің қалай ғимарат қаптамасын түсіріп жатқаны  және су құйғандары көрініп тұр.

Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі әзіре белгісіз. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті  кейінірек ақпарат беруге уәде етті.