«Қаланың сол жақ бөлігінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, жарық беретін кабельдерге зақым келіп, салдарынан Шұбар кенті мен Қонаев көшесіндегі және сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Қазіргі кезде төтенше жағдайларды жою мақсатында қаланың барлық коммуналдық және төтенше жағдайлар қызмет өкілдері жан-жақты жұмыстар жасауда», - деді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
Сағат 22.30-да берілген ақпаратқа қарағанда, жарық үйлерге ақырындап беріліп жатыр.
«Оқиға орнында «Астана-РЭК» бригадасы жұмыс жасауда. Бұл ірі апат болып отыр, ол таңға дейін жойылады. Қазіргі кезде жарық үйлерге беріле бастады», - деді Жүргенбаева.
Айта кетейік, элиталы тұрғын үйлерде жарықтың сөніп қалуы туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жарыса жазып, жарықсыз үйлердің видеосын жариялауда.