«28 қаңтар күні 22:18-де Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үй кешенінің үшінші қабатында тұрмыстық заттар және балкон өртенген. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған», - делінген хабарламада.
Өрт 22:46-да ауыздықталып, 22:58-де толықтай сөндірілді. Тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды. Медицина қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті, олардың саны анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Астана төтенше жағдайлар комитетінің 23 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.