«Келесі жылы қаланың тағы 6 көшесіне барлығы 11,2 шақырымды құрайтын Bus Lane жолағын салу жоспарланған. Олар Достық, Д.Қонаев, Түркістан, Ақмешіт көшелерінде, сондай-ақ арнайы жолақтар Сарыарқа даңғылынан К.Күмісбеков көшесіне дейінгі аралықтағы Кенесары және Абай көшелеріне салынады», -деді Астана LRT Жол қозғалысын басқару департаментінің директоры Бауыржан Сейітов.
Оның айтуынша, арнайы жолақтар аталған көшелермен жүретін автобустардың орташа жылдамдығын арттырады.
Сондай-ақ, 2019 жылы аталған көшелер автобусқа арналған арнайы жолақтармен қатар, бір бағыттағы қозғалыс жүйесіне көшеді, - деді департамент директоры.
Фото: ALRT