Еске салайық, 2016 жылдың 28 мамырында және 11 маусымында төмендегі жол учаскелерінде «Біржақты қозғалыс» жобасының екі кезеңі іске асырылды:
- Әуезов к-сі (Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 2,9 км;
- Желтоқсан к-сі (Мәскеу к-сінен Кенесары к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 2,0 км;
- Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 4,6 км;
- Кенесары к-сі (Пушкин к-сінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы - 4,3 км;
- Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы - 0,7 км.
«Біржақты қозғалыс» жобасын Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп іске асыруда. Күн сайын көше-жол желісінің жағдайына мониторинг жүргізіліп, көлік дәліздері жүктемелілігінің деңгейі анықталады.
Жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды. Сондай-ақ, апаттарды болдырмау үшін Әкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің өкілдері он күн бойы жүргізушілерге біржақты көлік қозғалысы ережелерін түсіндіреді. Үстіміздегі жылдың 31 тамызынан бастап айыппұл салына бастайды. Айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.