Астананың тергеу абақтысын ЮНИСЕФ өкілдері келіп көрді
20:05, 12 Наурыз 2009
АСТАНА. Наурыздың 12-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері Астананың тергеу абақтысын келіп көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Халықаралық ұйымның көздеп отырған негізгі мақсаты - Қазақстандағы жасы кәмелетке толмағандарға қатысты бостандығынан айрылғандар сақталатын жерлерге нақты мониторинг жүргізу болып табылады.ЮНИСЕФ-тің жоспарында ? Шығыс Еуропа елдері мен ТМД-дағы, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдер ісі жөніндегі құқықтық жүйені реформалау туралы сараптамалық есеп дайындау.Балалар колониясында орта білім ғана емес, сонымен қатар, кәсіби білім алып шығуға да мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, мұнда діни қызмет түрлері, спорттық жарыстар, музыка сабақтары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Колонияда кітапхана мен оқу залдары да жұмыс істеп тұр.Тәртіптік алдын алу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жасөспірімдерді тәртіптік жазаға тарту көрсеткіші өте төмен.ЮНИСЕФ-тің бағалауынша, ҚР балалар мекемелерінде медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру сапасы ойдағыдай.