11 ақпан күні Астананың түнгі аспанында байқалған ерекше «жарық шоуының» себебі осы болуы мүмкін. Еске салсақ, Қазақстан астанасының оңтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындары жұма күні, сағат шамамен 21.30-дан 23-ке дейін түнгі аспанда бір-біріне жақын орналасқан жарық, кең емес параллельді жолақтарды тамашалай алды. Және жолақтардың саны өте көп болды. Вертикальді жолақтар кезек-кезегімен баяу өшіп жатты.
АҚШ-тың Теңіз және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының мәлім еткендей, олардың есептері бойынша бұл құбылысты дәл бүгін - әулие Валентин күні Швеция, Норвегия және Исландия елдерінің халқы тамашалай алады.