Басқарманың баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен жылдың қазан айында республика елордасында өткен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының XVIII сессиясына қатысушы шетелдік қонақтар қазақтың қонақжайлығын лайықты бағалады.
Бұл сыйлықты табыс етуші - әлемнің 120-дан астам елінің бизнес-ұйымдарын, өндірушілері мен қызмет провайдерлерін біріктіріп отырған «Trade leaders club» клубы. Сыйлықтың 35 жылдығы құрметіне биыл ол «Туризм, қонақүй ісі және гастрономия» XXXV Алтын жүлдесі деп аталады. Марапаттау рәсімі қаңтардың 19-ы мен 21-і аралығында Мадридте өтті және ол FITUR-2010 туризм жөніндегі халықаралық көрменің ұйымдастырылу мерзімімен қатар келді.