Кипрдің АПОЭЛ командасымен ойнаған елордалықтар негізгі уақытында 1:0 есебімен жеңді. Никосияда өткен ойында АПОЭЛ де дәл осы есеппен жеңгендіктен, қосымша екі тайм белгіленді. Онда да гол соғылмай, командалар жеңімпазды пенальтилер сериясы арқылы анықтады. Футбол лотереясында сәттілік астаналықтар жағында болды.
Осы жеңістің арқасында «Астана» УЕФА рейтингінде бір сатыға жоғарылап, 54-орынға орналасты.
«Астанада» қазір 24,500 ұпай бар, бұл көрсеткішпен ол рейтингтегі орнын Шве йцарияның Янг Бойз және Польшаның «Легия» командаларымен бөлісіп тұр.
Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін өтеді.