Айта кетейік, білім басқармасы бұл ұсынысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен өткен жиын барысында жария етті. «Мұғалімдерге жақсы жалақы төлеу ұстаздардың дәрежесін арттыруға, елордадағы мұғалімдерге ерекше статус беруге бағытталған шаралардың бірі. Жақсы көрсеткішке жетіп отырған елорда ұстаздарын осылай ынтыландыру арқылы біз Астанадағы білім сапасын бұдан да жақсарта түсеміз», - деді Астана қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағлан Сматаева. Оның айтуынша, елорда мектептеріндегі ұстаздық қызмет ең білімді мамандарды қызықтыра білуі керек. «Ұстаздар болашағы бар, жұмысы қызықты және материалдық жағдайы жоғары орындарға талпынады», - деді Б.Сматаева. Бұл мәселеге қатысты ойын айта келе Тамара Дүйсенова: «Біз ең әуелі еңбекақы төлеу жүйесін біріздендіріп алуымыз керек», - деді.
18:48, 10 Қараша 2015
Астананың ұстаздарына «ерекше» жалақы төленуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының білім басқармасы елордада жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы ерекше жүйеге сай төленуі керек деген ұсыныс айтты.