Шарада өткен жылдың қорытындылары бойынша елорданың үздік мұғалімдері атап өтілді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Салтанатты рәсімді құттықтау сөзімен ашқан Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазыев педагогтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен елордалық білім басқармасының Құрмет грамоталарын табыстады.
Бұдан басқа, Астанадағы № 54 және № 38 мектептердің директорларының есімдері «Астана білім саласының алтын қоры» тізіміне енгізілді.
«Менің тегімнің «Астана білім саласының алтын қорына» кіргізілгені күтпеген сыйлық еді. Бұл аздаған еңбегімнің жемісі болар. Еңбек жолымды ауылда бастадым. Қазіргі кезде еңбек өтілім 40 жылдан асты. Мектеп басқарып жүргеніме 10 жыл болды. Барлығын келе жатқан мерекелермен құттықтап, тек жақсылықты тілеймін», - деп атап өтті № 54 мектептің директоры Ғалияш Әмрина.