ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт 12 сағат 18 минутта «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның дөңгелек жөндеу цехынан шықты. Жалын екі жарым сағат бойы лаулап, 400 шаршы метр аумақты күлге айналдырды. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдаймен күресті ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 58 адамы мен 15 техникасы жүргізді.