«Астананың» Загребте «Динамомен» матчының уақыты белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 шілдеден 26-сына қараған түні Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында жергілікті «Динамо» «Астана» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: fcastana.kz

Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, «Динамо» Загреб – «Астана» ойыны елорда уақытымен сағат 00.00-де басталады.

Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қарымта кездесу 2 тамыз күні Астанада өтеді.

Айта кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Динамодан» басым түскен болатын (1:1, 2:1). Ал загребтік «Динамо» үшін бұл жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасындағы алғашқы бәсеке болмақ. Аталған клуб Хорватия чемпионатындағы бірінші ойынында күтпеген жерден өз алаңында «Хайдуктан» ұтылып қалды – 1:2. Ал елордалықтар Қазақстан біріншілігінде соңғы турда өз алаңында «Атыраудан» айласын асыра алмады – 0:0.

«Астана» турнир кестесінде 39 ұпаймен екінші орында келеді.