Бұл туралы бүгін білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті.
Елорда педагогтарының алдында баяндама жасаған Ә.Бимендина, оқушылардың сырқаттануының статистикалық мәліметі көңіл көншітпейтінін атап өтті.
«Диспансерлік есепте барлығы 12 мың 280 бала тұр. Бірінші кезекте нерв жүйесінің сырқаттары тұр, одан кейін тыныс алу органдары және қан аурулары келеді. Бұл мәлімет ең алдымен, ата-аналарда алаңдаушылық тудыруы тиіс. Әрине, балалар білім мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің ұдайы жіті бақылауында жүреді. Бірақ, мектеп қабырғасында білікті медициналық көмек көрсетуге олардың мүмкіндіктері жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ, Білім басқармасының бастығы, медициналық қызметкерлердің штатын Денсаулық сақтау министрлігіне беру мәселесін көтерді.
«Қазір медициналық қызметкерлерді мектеп директорлары тағайындайды. Бірақ медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін, олардың білімі заман талабына сәйкес келетін, келмейтіндігін мектеп директорына анықтау қиын. Мысалға, нормативтіr құжаттарда көрсетілген штаттық бірліктер мектептің штаттық кестесінде қарастырылмағандықтан, жаңа мектептердегі стоматологиялық кабинеттер толық көлем3yде пайдаланылмай отыр», - деп атап өтті Ә. Бимендина.