деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астананың жаңа университеті» - Қазақстан астанасында халықаралық дәрежедегі оқу орнын қалыптастыру бағытындағы ауқымды жоба. Елбасы тапсырмасымен құрылған бұл оқу орны ұлттық білім беру жүйесінің барлық жетістіктері мен әлемдік білім-ғылым тәжірибесінің озық үлгілерін бойына тоғыстырған, Қазақстанның ұлттық брендіне айналуы тиіс», деді Университет президенті Аслан Саринжапов. Оның айтуынша, университеттің даму стратегиясына сәйкес «Астананың жаңа университеті»АҚ-ын басқару компаниясынан біртіндеп ұлттық ғылым-білім кешеніне ауыстыру көзделген. Кешен құрамында Президент атындағы университет, әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтар мен эндаумент-қор болмақ.
Сонымен қатар университетте инженерлік, нақты ғылымдар, медицина мектебі (факультеттер) ашылады. Бұларда бакалавриат бойынша 2011, магистратура бойынша 2010 жылдан бастап білім беріле бастайды.Ал магистратура мен PhD бойынша бизнес пен мемлекеттік саясат мектебі 2012 жылы ашылмақ. Ал алғашқы 700-ге жуық білім алушылар 2010 жылдың қыркүйегінен бастап қабылданбақ.