Қ.Дайырованың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде «Астананың жаңа университетіне» студенттерді қабылдаудың алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды. Оған қатысқан 600 үміткерлер ағылшын тілін білудің - ВСЕРТ деңгейі бойынша тест тапсырып, олардың 91 пайызы өз білімдерін дәлелдеген. Енді олар ағымдағы мамыр айының басында Алматы мен Астана қалаларында өтетін екінші іріктеу - IELTS тестілеуіне шақырылады. IELTS абитуриенттің ағылшын тілін терең білу деңгейін анықтайтын болады. Бұдан кейін - SET, яғни мамандыққа сәйкес пәндер бойынша емтихан тапсырылады. Қ.Дайырованың сөзіне қарағанда, жастардың интеллектуалдық және сын тұрғысынан ойлау қабылеттері де назарға алынатын болады.
Айта кетейік, іріктеу комиссиясына Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің жанында жұмыс істейтін Британ кеңесі (UCL) төрағалық етуде, «Астананың жаңа университеті» оларға тек қолғабыс білдіруде.
Бүгінде заманауи оқу орны, өзінің жұмысының алғашқы жылын қандай пәндерден білім беруден бастайтынын анықтап, бекітті. Олар - Инженерлік мектеп, ғылым мектебі, жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар.