Астананың Жаңа университетіне оқуға түсу үшін үміткерлерді қабылдаудың 3-ші кезеңі басталды

None
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Маусымның 15-нен бастап, Астананың Жаңа университетіне оқуға түсу үшін үміткерлерді қабылдаудың 3-ші кезеңі басталды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте аталмыш Университеттің Студенттер істері жөніндегі басқарушы директоры Стивен Грин мәлім етті , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, Жаңа университетке түсу үшін алдымен ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша емтихан тапсыру керек. Екіншіден, IELTS тесті тапсырылады. Бұл тест бойынша тек үздік шыққандар ғана қабылданады. Ал үшінші сынақ, негізгі пәндер бойынша қабылданады. Осы сынақтарға қарап, комиссия өкілдері тиісті шешім шығарады. «Университетке түсуге ниет білдірген үміткерлерді қабылдаудың 1-ші және 2-ші кезеңдері биылғы жылдың мамыр мен маусым айларының аралығында жүрді. Аталмыш кезеңдер бойынша 3 мың үміткер құжаттарын тапсырды. Енді олардың тек ең үздік 500-і ғана іріктеп алынады», деді Басқарушы директор.

Астананың Жаңа университетін ашу рәсімі биылғы жылдың шілде айына жоспарланып отыр. Аталмыш оқу орнында студенттер әлемнің үздік университеттерінің бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде білім алады.