деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Апатты жағдай ЖЭС-2 кешенінде орын алған техникалық ақаулықтан болды деген дерек бар. «KEGOC» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, қаңтардың 23-і күні ЖЭС-2 кешенінде белгісіз себептермен электр қуат көздерін өндіру көлемі азайтылды. Бірақ қаланың энергияны тұтыну мөлшері төмендеген жоқ. Осының нәтижесінде электр энергиясын реттейтін трансформаторлар автоматты түрде өз жұмысын тоқтатты. Ал ЖЭС-2 кешенінің эксплуатация жөніндегі бас инженердің орынбасары Асқар Омаровтың сөзіне қарағанда, стансыда орын алған техникалық ақаулықты жою мақсатында күндізгі сағат 16:00-де қазандықтың жұмысы тоқтатылған. Бірақ екі сағаттан кейін қазандық қайтадан іске қосылды. Ал жарты сағаттан кейін Астана және қалаға іргелес жатқан елді мекендер жарықсыз қалды.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша арнайы мемлекеттік тергеу комиссиясы құрылды. Он күннің ішінде мәселенің мән-жайы анықталып, тергеу қорытындысы жарияланатын болады.