Астананың жас волейболшылары РФ Новосібір облысында өткен турнирде жеңімпаз атанды
21:10, 16 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Маусымның 10-ы және 14-і аралығында РФ Новосібір облысындағы Карасук қаласында 1995-1996 жылдары туылған бозбалалар мен бойжеткендер арасында волейболдан халықаралық турнир болып өтті.
Қазақстан астанасының өкілдері - қыздар да, жігіттер де сайысқа қатысқан он команданың ішінен суырылып шығып, бірінші орынды қанжығаларына байлады, деп хабарлайды Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Барлық спортшылар жаттықтырушылар К.Жайдаров пен Ж.Бірмағамбетовтың басшылығымен Астана қаласындағы №5 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленуде.
Жаттықтырушылардың айтуынша, біздің спортшылар сайыстарда жақсы ойын өрнегін көрсете біліп, басқа командалардан оқ бойы озық жүріп отырды.