Астананың «жедел жәрдем» қызметі тәулігіне 700 шақырту алуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «жедел жәрдем» қызметіне жылына 3 мыңнан астам шақырту келеді. ЖРВИ-мен ауыратындар саны толастамай отыр.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының 23 желтоқсандағы мәліметтері бойынша, «жедел жәрдем» қызметіне жүгінген 3220 адамның 742-сі ЖРВИ-ге шалдыққандарын айтқан.

«23 желтоқсандағы жағдай бойынша, «жедел жәрдем» қызметіне 3320 адам қайырылған, 1959 рет шақырту жолдаған. ЖРВИ саны - 742, олардың арасында: 1 жасқа дейінгі балалар - 112, ауруханаға жатқызылғаны - 8, 18 жасқа дейінгілер - 428, ауруханаға жатқызылғандары -18, ересектер - 202, ауруханаға жатқызылғандары -20»,-деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, өткен аптада тұмау жұқтырғандар санының шарықтау шегі 19-20 желтоқсанға келді. Ол кезде «жедел жәрдем» қызметіне жүгінгендер саны 800-ден асты. Медицина қызметкерлеріне ол кезде қаланың емханаларынан қосымша мамандар тартылып, күшейтілген жұмыс режиміне көшу қажет болған.