Астананың жетістіктері мақтауға лайық - БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы өркендету бойынша жетістіктер үлкен мақтауларға лайық. Бүгін VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференциясының пленарлық отырысында БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик мәлім етті.

Осыдан 15 жыл бұрын Астанада соңғы рет болғанына тоқталған ол, «Осы жолғы сапарымда Астанадағы өзгерістер мені шынымен де қатты таңғалдырды. 15 жылдың ішінде Қазақстан елорда өте қатты өзгерген. Астана орасан зор қадам жасаған. Бүгінде ол гүлденген ірі шаһарға айналып отыр», - деді.

Осы орайда М. Сайдик Астананы өркендету бойынша жетістіктер үлкен мақтауларға лайық екенін атап өтті. «Астана экономикалық форумы секілді маңызды шараны өткізудегі бағыт беретін рөлі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. Маған форумдағы маңызды пікіралмасулар мен барлық отырыстардағы терең талдаулар қатты әсер етті»,-деді ол.