Бұл туралы astana.kz сайтына байқауды ұйымдастырушылар хабарлады.
Биыл байқаудың ережелеріне екі негізгі өзгеріс енгізілді. Біріншіден, әртүрлі мөлшердегі ақшалай сыйлыққа Бірінші байқаудағыдай тек лауреаттар ғана емес, барлық финалистер ие болады; екіншіден, жүлде қорында 1,2 және 3 сыйлықтың лауреаты атанған қатысушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай марапаттар қарастырылған.
«Әлеуетті қатысушылар http://astana-app.kz/ru/ сайтындағы нысанды толтырып, іріктеу кезеңіне арналған бейнежазбаны 2013 жылғы 18 желтоқсаннан 2014 жылдың 15 наурызына дейін жүктеулері тиіс. Іріктеу кезеңі арнайы құрылған комиссиямен өтеді»,- дейді ұйымдастырушылар.
Бейнежазбаларды көру қорытындысы бойынша, І айналымға қатысуға жас аралық топтар бойынша - кіші (10 жасқа дейін), орта (11-14 жас аралығы) және үлкен (15-18 жас аралығы) 30-дан аспайтын пианисттер жіберіледі. Ұйымдастыру комитеті байқаудың жартылай финалына жіберілетін үміткерлерді 2014 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей анықтайды.
"AstanaPianoPassion" байқауы үш кезеңмен өтеді: іріктеу кезеңі (бейнежазба бойынша), бірінші кезең (жеке бағдарлама), екінші кезең (оркестрмен концерт). Байқауға әлем елдерінің 18 жасқа дейінгі пианистері қатысады. Жалпы жүлде қоры 60 000 АҚШ доллары, сондай-ақ, байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуев және Астана қаласы әкімдігінің атынан арнайы жүлделер тапсыру көзделген. Бұдан басқа, жеңімпаздар Еуропа залдарында концерттер беруге мүмкіндікке ие болады.
"Astana Piano Passion" Халықаралық жас пианисттер байқауы өзімен аттас классикалық музыка фестивалі аясында Қазақстанның елордасы - Астана қаласында өтпек. Бұл байқау дарынды балаларға өзін бүкіл әлемге танытуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың өнерін беделді халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Байқауды ұйымдастырушылар - Астана әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры, көркемдік жетекшісі және құрметті төрағасы - Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев.
Толық ақпаратты http://astana-app.kz/ru/ сайтынан білуге болады.