ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, экспорт көлемінің өсуі дәстүрлі өткізу нарықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген тұрақты сұранысқа, сондай-ақ тиімді логистика мен саланы мемлекеттік қолдау шараларына байланысты.
Негізгі бағыттар бойынша жеткізілімдердің айтарлықтай өсуі байқалады.
Атап айтқанда, Өзбекстанға астық экспорты 13,8%-ға өсіп, 8,2 млн тоннадан 9,3 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,6 есеге артып, 278 мың тоннадан 440 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға жеткізілімдер 51%-ға өсіп, 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 1,5 есеге артып, 123 мың тоннадан 183 мың тоннаға дейін көбейді.
- Оң динамика қазақстандық астықтың сыртқы нарықтардағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін және елдің өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жетекші экспорттаушыларының бірі ретіндегі позициясының нығаюын көрсетеді, - делінген хабарламада.
Жеткізілім географиясын кеңейту, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және өнімнің қосылған құнын арттыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Осыған дейін Қазақстанның Грузияға экспорт көлемін арттыратыны туралы жаздық.