Мерекелік шара Володар ауданындағы Құрманғазы атындағы облыстық мәдениет орталығында өтті.
Кеш қонақтары – ҚР және РФ Парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысының қатысушылары, жергілікті мемлекеттік органдар мен қазақ диаспорасының өкілдері, Астрахан облысының тұрғындары.
Концерт барысында Құрманғазы атындағы аймақтық мәдениет орталығының шығармашылық ұжымы Роза Бағланованың репертуарынан танымал шығармаларды орындады.
Сонымен қатар қонақтар көрнекті әншінің өмірі мен шығармашылық қызметіне қатысты қызықты деректермен танысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты, ұлттық ойындар мен халық қолөнер бұйымдарын тамашалады, байқауларға қатысып, Құрманғазы мұражайының экспозициясымен танысты.