Астрахан облысындағы Бөкей хан кесенесі турис­тердің ізгілік жолына айналуы әбден мүмкін

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Таяуда Ресей Федерациясы Астрахан облысының Кішіарал ауылында Бөкей хан кесенесінің салтанатты ашылу рәсімі болды,

деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, кесененің ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев, Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкин, ҚР-ның РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков, ҚР Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев қатысты.

Шара барысында сөз алған мәдениет вице-министрі: «Біздіңше, Бөкей хан бөтен елде емес, бір кездері өзі қолымен құрған іргелі ор­даның қасиетті жерінде, қалың қазақтың ортасын­да жатыр. Оның үстіне, ел ау­зындағы дерек бо­йынша, Бөкей хан өзін нақ осы жерге - Сейіт бабаның жа­нына жерлеуді аманат етіпті. Міне, сондықтан да өткен жылғы қыркүйекте Қазақстан­ның Ресейдегі Төтенше және Өкі­летті елшісі Зауытбек Тұрыс­беков Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Ас­трахан об­лысында іссапарда болып, облыс губернаторы А.Жил­кинмен кездесуі барысында Бөкей хандай ұлы бабаның ба­сына көрнекті кесене тұрғызу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», - деп атап өтті.

Оның айтуынша, өңірдегі елжанды азаматтар­дың алға қойған бұл сауапты ісі облыс әкімі Бергей Рысқалиев тарапынан қолдау тапты. Бөкей хан кесенесін тұрғызуға елеулі қаржылай көмек көрсетіп, атқарылатын жұмыстарды өзара бөлісіп, іске білек түре кіріскен меценаттар тобы құрамында Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсе­генов, Мәжі­ліс депутаты Болат Қонарбай, аты­раулық белгілі кә­сіп­керлер Аман­жан Рыс­қа­ли, Аман­гелді Баракатов, Әбдібек Бисенов, Орын­ғали Әл­­­­декенов, Мұрат Жәкібаев, Әділ Жұ­манов сын­ды нағыз отаншыл, ел­жан­­ды аға­й­ындар бол­ғанын бүгін аса ілтипатпен атау­ға болады.

«Жұрт­шылықтың ықылас-ние­тіне қа­рай Бөкей хан кесенесін көтеру арқылы біз екі ел арасындағы достық байланыс­тарды бұ­рынғыдан да биіктете түске­німізді сезіндік. Өйт­кені көп ұза­май бұл аймақ зиярат етушілердің, басқа да турис­тердің ізгілік жолына айналады. Сейіт бабаның, Бөкей хан­ның рухына тағзым ете келген зиярат­шы қауым Алтынжардағы Құрман­ғазы кесенесіне қайырылатыны, облыс орта­лы­ғындағы Құрманғазы ескерткішіне баратыны, сөйтіп екі елге де тиімді жа­ңа туристік маршрут ашылатыны сөзсіз», - деп атап көрсетті Ғ.Телебай.