Астраханда жатақхананың екі кіреберісі құлады

АСТАНА. Шілденің  23-і.  ҚазАқпарат - Астраханда   «Прогресс»  зауытының 5 қабатты жатақхасының  2  кіреберісі  құлады.   Үйінділердің астында 10 адам  қалып қойды  деген   пайымдаулар  айтылуда.

Ресей  Төтенше  жағдайлар  министрлігінің    Оңтүстік аймақтық орталығының баспасөз    қызметінен  хабарлағандай, құлаған  ғимараттың  астынан   4 адам   құтқарылды,  олардың  қатарында 10 жасар  қыз бала бар.   Оқиғаның    себебі мен  мән-жайы  туралы әзірге ешнәрсе айтылмай  отыр.  Ғимараттың  құлау факті  бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 293-ші бабы 1-ші тармағы    мен  216-шы  бабы 1-ші тармағы бойынша   қылмыстық  іс  қозғалып  отыр.

Естеріңізге  сала кетейік,  өткен  айда   Татарстанның    елордасында   жаңартылып  жатқан  «Қазан»  қонақүйінің    қабырғасы   құлап,  бір адам    қаза тапқан  еді.  Ал мамыр  айында Тула  облысында  тұрғын   үйдің сыртқы қабырғасы   құлады,   ол     жолы адам құрбандықтары  болған жоқ.